Қостанайдағы ахуал: Әкімдік суға толып кеткен су қоймасының видеосымен бөлісті

Сурет: Қостанай облысы әкімдігі
Қостанай облысының әкімдігі Қаратомар су қоймасындағы су деңгейінің күрт көтеріліп жатқанын сипаттайтын видеомен бөлісті. Жақын арада қалада эвакуациялау жұмыстары қолға алынып қалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 сәуір, сағат 08: 00-де қоймаға келіп түсіп жатқан су көлемі 2640 текше метрге дейін ұлғайды, бұл ретте ағын 3361 текше метрді құрайды, Қаратомар су қоймасында судың толу деңгейі 97% құрады, деп хабарлады әкімдіктегілер.

"Іргелес аумақтардың тұрғындары уәкілетті органдардың бірінші талабы бойынша  ұйымдаса отырып, эвакуация жасауы тиіс. Онда да қарттарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балаларға ерекше назар аударылуы қажет. Құжаттар мен қажетті заттарыңызды алдын ала дайындап қойыңыздар", – деп ескертті өңірдің облыстық жедел штабындағылар.


6 сәуірде арнайы брифинг барысында Қостанай әкімі Марат Жүндібаев қалада ТЖ режимі енгізілгенін жариялады. Қала әкімі су басуы ықтимал аймақтарда тұратын азаматтарды алдын ала қам жасап, тез арада көшуді сұрады.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме