Атырау қаласының әкімі кенеттен қайтыс болды деген фейк ақпарат тарады

Сурет: Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабы
ТЖ жөніндегі жедел штабтың жалған аккаунтында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ақпарат шындыққа жанаспайды. 19 сәуірде Атырау қаласының әкімі жедел штабтың отырысына қатысып, қаладағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасады. ТЖ режимі аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушыға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін тағы да еске саламыз". Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штаб

Сондай-ақ жедел штаб аталған жиын барысында түсірілген суретті ұсынды. Одан қала әкімінің дін аман екенін көруге болады.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолдану үшін Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың атын жамылған жалған аккаунт иесін іздеп жатқаны да нақтыланады. 

Айта кетсек, 19 сәуірде Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы бөгеттерге арналған қаптардың ұрлағанын хабарлаған еді. Кейіннен Атырау облысы ПД мұның әзіл болып шыққанын нақтылады.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды