Оралда саяжайларды су басты. ТЖМ оқиға орнынан түсірілген алғашқы суреттермен бөлісті

21 сәуірде түстен кейін Жайық өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты жер білігі арқылы су жүрді. Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су баса бастады. ТЖМ оқиға орнынан түсірілген суреттермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс атқаруда және алғашқы құтқарылғандар бар", делінген 2024 жылы 21 сәуірдегі ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алдындағы су басу қаупі жоғары бұл аумақтағы адамдар алдын ала эвакуацияланғаны хабарланған. Алайда, жергілікті тұрғындар арасында үйлерінен өз еркімен кетуден бас тартқандар да бар. Жергілікті полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс атқаруда.

Орал қаласының маңында орналасқан Космос және Комаров саяжайларының ауданында бұрын үйлерінен кетуден бас тартқан жергілікті тұрғындар шұғыл эвакуациялануда. Осы сағатта  құтқарушылар үйлерінің төбесінде тұрған 4 жергілікті тұрғынды құтқарды. 

Азаматтарды су басқан аймақтан эвакуациялау операциясы ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтің үйлестіруімен жүргізілуде.  Тікұшақ әуеге көтерілді.  Жұмыстар жүзу құралдарымен жүргізілуде. Адамдарды іздеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды.


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Айта кетсек,  21 сәуірде түстен кейін Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты жер білігі арқылы су жүріп, Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су басқаны хабарланған

Сондай-ақ 21 сәуірдегі таңертеңгі ақпарат бойынша, Орал қаласы маңындағы Жайық өзенінің деңгейі 852 сантиметрді құрап, қауіпті деңгейден (850 см) асқаны хабарланған.

 

Орал
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: