Павлодарлық оқушы Қытайдағы халықаралық олимпиадада "алтын" жеңіп алды

Сурет: Павлодар облысының білім басқармасы
Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Ринат Илусизов халықаралық олимпиададан "алтын" әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы pavlodarnews тілшісі хабарлады. Шэньчжэнь қаласында (Қытай) химиядан Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті. Оған әлемнің 29 елінен екі жүзге жуық оқушы қатысты. Олардың қатарында Австрия, Армения, Беларусь, Бразилия, Болгария, Венгрия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Солтүстік Македония, Сербия, Үндістан, Сирия, Куба, Шри-Ланка, Кения бар.

Қазақстан Республикасының құрама командасына химия пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары кірді. Олардың арасында дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Ринат Илусизов бар, ол халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша "алтын" медаль иегері атанды.

Сонымен қатар, ел құрамасы екі күміс және алты қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда