Арқалық маңында Ан-2 ұшағы апаттық жағдайда қызыл суға қонды

Сурет: pixabay
Арқалық-Ақсұңқар санитарлық рейсін орындаушы Ан-2 ұшағы 3 мамырда биікке көтерілгеннен кейін бірден құлдилай төмендеп, су айдынына қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Навигатор" әуе компаниясына тиесілі, UP-A0124 мемлекеттік тіркеу нөмірі бар, Арқалық-Ақсұңқар бағытында №АК31224 санитарлық рейсін орындаушы Ан-2 типіндегі ұшағы ұшып шыққаннан кейін сағат 16:10-да бірден төменге құлдилай жөнелді, сөйтіп су айдынына (еріген қар суы) қонды", делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

Ұшақ бортында екі экипаж мүшесі және үш қызметтік жолаушы болғандығы нақтыланады.

"Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті күшімен Арқалық қалалық ауруханасына эвакуацияланды. Алдын ала ақпарат бойынша құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына аттанды", делінген баспасөз хабарламасында.

Ведомство оқиға мен инциденттерді тергеу жөніндегі ережеге сәйкес бұл жайт авиациялық оқиға ретінде жіктелетінін және оны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тексеруге тиіс екенін де жеткізді.

Авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрылды.

Аталған оқиғаның себептері мен мән-жайы алда анықталатын болады.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер