Атырауда полициейлер өрт шыққан үйден 50-ге жуық адамды эвакуациялады

Сурет: Instagram.com/atyrau_tjd
Атырауда 4 мамырда сағат 17:00 шамасында патрульдік полиция батальоны мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, көпқабатты үйден шыққан өрттен тұрғындарды аман алып қалды. Адамдарды құтқару сәтінің видеосы да жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 минуттың ішінде 50-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды.

"Сондай-ақ, сақшылар пәтерде құлыптанып қалған 8 жасар баланы құтқарып үлгерді", делінген полиция хабарламасында.

Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.

Атырау облысы ТЖД өрттің Махамбет даңғылы бойында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде болғанын нақтылады.


"Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына санаулы минутта жетіп, 5 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы балконда тұрмыстық заттардың жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер жедел іс-әрекет етіп, жануды 6 минутта оқшаулады. Сонымен қатар жанудың өртке ұласуына және пәтерге таралуына жол бермеді. Жану салдарынан балкондағы тұрмыстық заттардың бүлінуі болды", делінген төтеншеліктер хабарламасында. 

Айта кетсек, 4 мамырда кешкісін Астанада дөнерхана өртеніп, жарылыс болды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды