Құлсарыда әлі 14 үй су астында қалып отыр

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Құлсары қаласында 11 мамыр, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша әлі 14 үй мен 7 бизнес нысаны су астында қалып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен тәулікте Атырау облысының Құлсары қаласында ТЖМ құтқарушыларымен 200 мыңнан астам текше метр су сорылды.

"Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін су тасқыны кезінде су тасқыны аймағында 2920 жеке тұрғын үй болған. Еріген қар  суын сору жұмыстарын Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан келген ТЖМ қызметкерлері жүзеге асыруда. Сондай-ақ, өңірде Жайық өзеніндегі су деңгейіне сағат сайын мониторинг жүргізілуде", делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда Атырау облысының эвакопункттерінде 504 адам, оның ішінде 280 кәмелетке толмаған бала бар.

Күні кеше облысқа ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов келді. Өңірлік ТЖД жедел штабы отырысының қорытындысы бойынша ведомство басшысы Индер және Махамбет аудандарындағы елді мекендерге келетін суды жібермейтін бөгеттер маңына қосымша бақылау бекеттерін қоюды тапсырды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты