Шетелдік компания өкілінен он миллион теңге талап еткен алаяқ сотталды

Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 15 мамырында Астана прокуратурасы шетелдік компания өкілінен қомақты сомада ақша талап еткен алаяқ 10 жылға бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокуратураның мәліметінше, кінәлі адам өзін мемлекеттік ведомствоның штаттан тыс қызметкері ретінде көрсете отырып, шетелдік компания директорынан 180 млн. АҚШ долларынан астам қаражат талап еткен. Алаяқ инвестициялау шартын жалған жасасу мақсатында аталған қаражатты иемденіп алуға тырысқан.

"Мемлекеттік айыптаушы-прокурор сотталған адамның кінәсін дәлелдеді." Астана қаласының прокуратурасы

Ол алаяқтыққа оқталу және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға аса ірі мөлшерде пара беруге айдап салу үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды