ҰБТ-ға тіркелуге соңғы мүмкіндік берілді

Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-ға тіркелу ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясат Нұрбек ақпаратты өзінің Telegram арнасында жариялады. Оның айтуынша, негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген талапкерлердің пікірін еске ала отырып, 22 мамыр сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін тестілеуге тіркелу базасы барлық тестіленушілер үшін ашылады.

"Өтініш беріп үлгермеген тест тапсырушылар app.testcenter.kz сайтында ұсынылған қолжетімді орындарға ғана тіркеледі. 2 рет өтініш берген талапкерлер үшін іс-әрекет қолжетімсіз болады".ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек

Бұған дейін Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сынақтарының нәтижелерін шетелдік жоғары оқу орындарында мойындай бастауы үшін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды