Талғар ауданында тәртіп сақшалары жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні жауапкершілікке тарқан кезінде, Toyota Camry көлік иесі өзін "полиция озбырлығының" құрбаны ретінде көрсетті. Оның әрекеті көшедегі бейнежазба камерасы мен полицейдің бейнежетонына түскен.
Учаскені патрульдеу кезінде полиция инспекторы көлік тұрағы талаптарын бұзған автокөлікті байқады. Иесін таппаған тәртіп сақшысы көліктің мемлекеттік нөмірін тәркіледі.
Басқа құқық бұзушыға хаттаманы толтыру кезінде, Toyota Camry иесі келген.
"Автоледи жазадан құтылуға тырысып, полиция қызметкеріне қысым көрсетіп, оны қорлап, балағат сөздер айтты.Көлік иесіне хаттама рәсімдегеннен кейін тәртіп сақшысы оған мемлекеттік нөмірін қайтарып берді. Алайда, автоледи жазадан қашу мақсатында видео түсіре бастап, өзін "полиция озбырлығының" құрбаны ретінде көрсетті", делінген ведомство хабарламасында.
Көліктің иесі жол қозғалысы ережелерін бұзудан басқа, билік өкілін қорлағаны үшін жауапқа тартылады.
Қазіргі уақытта жиналған іс-құжаттар түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Өскеменде Полицейге жұдырықпен шабуыл жасаған ер адам енді қала көшелерін тазалауда.