Ақтөбеде кезекшілік уақытындағы салғырттықтан тұтқындары қашып кеткен полиция қызметкерлері сотталды

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде үш полиция қызметкеріне қатысты үкім шықты, олардың кезекшілігі кезінде күдіктілер темір тордан қашып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 қараша 2023 жылы Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының Уақытша ұстау изоляторына тәуліктік кезекшілікке кезекшісі "С", бекет күзетшісі "Н", алып шығушы "И" тағайындалған.

​12.11.2023 жылы сағат 01:34 - 05:58 аралығында "С", "Н" және "И" қызмет атқару орнында ұйықтап қалуларына байланысты тергеумен қамауда отырған "Е" мен "К" сағат 03:36-да тергеумен анықталмаған затпен камера есігін ашып, ешбір кедергісіз изолятордан шығып, кіре берістегі есіктің магниттік құлыптың сымдарын үзу арқылы сыртқа шығып бостандыққа қашып кеткен.

"Соңғыларды іздестіру жұмыстарына Ақтөбе облысы полиция департаментінің, полиция басқармасының, қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6655 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері жұмылдырылып, қамаудан қашқандар 4-сағаттың ішінде ұсталып, изоляторға жеткізілді", делінген сот хабарламасында.

Сөйтіп, "С", "И" және "Н" салғырттық, яғни лауазымды адамның өз мiндеттерiн тиісінше орындамай, қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.

Сотталушылар "Н" және "И" кінәсін мойындады, ал "С" кінәсін мойындамады.

Сот үкімімен "С", "И" және "Н" әрқайсысына 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі