"Астананы қара түтін басты". Элиталы көпқабатты тұрғын үй кешені отқа оранды

Сурет: Zakon.kz
Төтеншеліктер елордадағы элиталы көпқабатты тұрғын үйден шыққан өртті сөндіруге жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отқа оранған Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешені Тұран даңғылы, 37/9 мекенжайында орналасқан. Бұл - шамамен "Хан Шатыры" сауда ойын-сауық орталығының маңы.

Қалалық ТЖД оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатқанын хабарлады.

"22 маусымда сағат 15:09-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран көшесі, 37/9 үй мекенжайына аттанды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткеннен кейін тұрғын үй кешенінің 26 қабатындағы пәтердің сыртқы жабыны жанып жатқанын анықтады". Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Құтқарушылар ғимаратта қалып кеткен адамдардың бар-жоғын тексеріп жатыр.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Ақтөбедегі Неке сарайындағы әйелдің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды