БҚО-да суға батып кеткен жасөспірімге қатысты тың дерек жарияланды

Сурет: Zakon.kz
9 шілдеде Желаево ауылы маңындағы "Арна" демалыс базасының аумағында Жайық өзеніне жасөспірім батып кетті. Куәгерлер жасөспірімдердің мұнда ересектердің қарауынсыз болғанын айтқан. Алайда демалыс базасы қожайыны бұл фактіні жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Арна" демалыс базасының қожайыны Айбек Хасенов жасөспірімдердің жанында ата-аналары болғанын айтты. Олар мұнда туған күнді атау үшін жиналған.

"Бізде сыртқы бақылау камера бар және онда трагедия сәті таспаланған. Жасөспірім суға батқан кезде оның жанында тағы үшеу болған, олар қатты қорқып кеткен. Бізде құтқарушы бар, ол бірден суға қарай жүгірді, бір-екі минутта баланы судан алып шықты. Ата-аналардың бірі дәрігер екен, ол оқиға орнында балаға дем салып алғашқы медициналық көмек көрсетті. Баланың аузынан көбік шықты, өкінішке қарай, олар оның бетін бері қарата алмады. Жасөспірімге нақты не болғанын сараптама көрсетеді, полиция қызметкерлері бейнежазбаларды тәркіледі, - деп "Мой город" баслымы Айбек Хасеновтың сөзін келтіреді.

Айта кетсек, алдында БҚО-да тағы бір жасөспірімнің суға батып кеткені хабарланған

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты