Қарақұрт шапқыншылығы: Атырау облысында алты адам жансақтау бөлімінде жатыр

Сурет: pxhere
Қарақұрт шапқыншылығы өңірдің құмды аудандарында өршіп тұр. Атап айтсақ, Индер, Исатай және Құрманғазы аудандары. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымының мәліметінше, облыстық жедел жәрдем станциясында қарақұрт шабуылының екі жағдайы тіркелген – Индер ауданы Есбол ауылында және Исатай ауданында.

"Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Тағы тоғыз адам облыстық ауруханада емделуде, олардың төртеуі реанимацияда. Тағы үшеуі инъекция алды", - деп нақтылады әкімдік.

Сонымен қатар, үш бала балалар ауруханасына түсті: екеуін реанимацияға жатқызуға тура келді, тағы біреуі аурудың жеңіл түрімен босатылды.

Сондай-ақ, облыстың үш ауданында қарақұрт 400-ге жуық түйеге шабуыл жасап, оның 63-і өлді.

Бұған дейін қарақұрттың шабуылынан қалай сақтану керектігі хабарланған болатын.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады