Солтүстік Арал жандануда: су көлемі рекордтық деңгейде ұлғайды

Сурет: pxhere
Солтүстік Арал теңізіне өткен жылмен салыстырғанда 12,5 есе артық су келіп жатыр. Бұл хабармен 18 шіледеде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның ақпаратынша, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов "Әйтек" су торабын аралап, Солтүстік Арал теңізіне су жіберу жұмыстарымен танысты.

Қазіргі уақытта Солтүстік Аралға секундына 75 текше метрге дейін су жіберілуде. Былтыр секундына 6 текше метр су келген болатын.

Министрдің айтуынша, бүгінде Сырдария өзені арқылы Қызылорда облысына секундына 650 текше метр су келіп жатқандықтан осындай нәтижеге қол жеткізілді.

Сондай-ақ, Өзбекстан және Қырғызстанмен бірлескен жұмыс жүргізілді.

"Атап айтқанда, су жіберу кестелері бекітіліп, қазіргі таңда келісімге сай су келіп жатыр". Нұржан Нұржігітов

15 шілдеде Су ресурстары және ирригация министрлігі судың "қара нарығымен" күресті күшейтуде нақты қадамдарға көшкені хабарланған болатын. Осы мақсатта жаңа ведомство – Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды. Жаңа комитет суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер