Өскеменде мас жүргізуші гүлзарға кіріп кеткен

Фото: Zakon.kz
18 тамызда кешке 30 жастағы шығысқазақстандық көлік құралын басқара алмай, бордюрге соғылып, гүлзарға "тұрақтаған", деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ мәліметінше, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оның масаң күйде көлік басқарғанын анықтады.

"Құқық бұзушыға қатысты көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды".ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ, ведомствоның ақпаратынша жүргізуші жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

Алматыдағы терең шұңқырға баланың құлау сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. 

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты