Алматыда тұрғын үй кешенінің жерасты тұрағында екі көлік өртеніп кетті

Сурет: Instagram/kris_p_akimat
Алматыда 3 қыркүйекке қараған түні тұрғын үй кешендерінің бірінің жерасты автотұрағында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, оқиғатүнгі бір шамасында болған. Брусиловский көшесіндегі 18 қабатты үйдің автотұрағында екі көлік, BMW және Hyundai Accent отқа оранды.

Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады. Сағат 00:59-да өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады. Зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге жоқ.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 20 адамды қауіпсіз жерге жеткізді деп қосты департамент.

31 тамызға қараған түні Алматының Алатау ауданында ірі қойма өртенді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі