Қызылорда облысында тұрғындардың 35 млн теңгесін қалтаға басқан күдіктілер ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысында полиция қызметкерлері 17 рет алаяқтық жасап, азаматтардың 35 млн теңгесін қалтаға басқан екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілер мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алуға көмектесемін деген сылтаумен жәбірленушілердің ақшасын иемденген.

Мәселен, полицияға жәбірленушілердің бірі арызданып, алаяқтар несие алуға көмек беремін деп одан 7 млн теңге көлемінде қаражат алғанын айтқан.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған күдіктілердің облыс аумағында жасалған осыған ұқсас алаяқтықтың 17 фактісіне қатысы бары анықталды.

Жалпы келтірілген материалдық шығын 35 млн теңгеден асады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қызылорда облысы полиция департаменті қаржылық және басқа да заңды маңызы бар келісім жүргізу кезінде қырағы болуға шақырады.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді