Жергілікті Instagram-да Менделеев көшесінің бойындағы "Қытай дүкенінің" жанында сағат 2:30 шамасында атыс дыбыстары естілгендігі туралы ақпарат пайда болды.
Сурет: kris_p_talgar
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтты.
"Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні жас жігіттер сөзге келіп қалып, артынша жанжалға ұласқан. Салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі алған жарақатынан жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық қатысушылары ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды."
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.