Гаитиде 6 мыңнан астам адам үйін тастай қашты

Фото: Министерство обороны РК
Гаитиде 6 мың 300-дей адам үйін тастап кетті. Олардың үдере көшуіне қаруланған қылмыстық топтың Понт-Сонда қаласында 70 адамды атып өлтіруі себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір босқындарға үкіметтік емес ұйым азық-түлік таратып жатыр.

Айта кетсек, Гаити астанасы Порт-е-Пренстің 80 пайызы қылмыскерлердің бақылауында.

Қарулы ұйымдар негізгі жолдарды басып алып, өзара жауласып жатқандықтан, тауар тасымалдау қиындаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Елдің 11 млн-нан астам халқының жартысы аштыққа ұшырап жатыр.

Ал жергілікті билік қылмыскерлермен күреске элиталық полицияны да жұмылдырғанын мәлімдеп отыр.

Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді