Қарағанды облысындағы ХҚКО-ның бұрынғы басшыларының тұтқындалуы жайлы тың ақпараттар пайда болды

Фото: gov4c.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бүгін, 2024 жылғы 16 қазанда Қарағанды облысында ұсталғандарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қазанда ХҚКО-ның бұрынғы басшысы мен ХҚКО басшысының орынбасары ұсталғаны белгілі болды.

"Осы қылмыстық іс шеңберінде орталық аппараттың ішкі қауіпсіздік қызметі Қарағанды облысының ЭАР тергеу-жедел тобына толық көмек көрсетті. Ұсталған қызметкерлер көлік құралын бастапқы тіркеу алымын және кәдеге жарату төлемдерін төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көлік құралдарының VIN-кодтары бойынша көрінеу жалған деректерді енгізгені анықталды", — делінген ресми ақпаратта.

Мемлекеттік корпорация 2021 жылы жүйеде дұрыс емес ақпарат енгізуге мүмкіндік беретін мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграция болмағанын атап өтті.

"Кейіннен уәкілетті органмен бірлесіп, осы көлік құралдарын қолмен енгізуді болдырмауға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық жүйе енгізілді және сол арқылы махинациялық схема жойылды",- деп түйіндеді корпорация.

Мемлекеттік корпорация ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері бұзушылықтарды анықтау үшін тұрақты негізде ішкі тексерулер жүргізіліп, кейіннен тереңінен зерттеу үшін құқық қорғау органдарына берілетінін нақтылады.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі