Еуропаның кейбір елдерін су басты

Сурет: pixabay
Италияның солтүстігіндегі Эмилия-Романья аймағында төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, Пьяноро қаласында бір адам қаза тапқан.

Құтқарушылар әуеден түсірген видеокадрлардан кейбір елді мекендердің топан судың ортасында қалғанын көруге болады.

"Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, жауыннан бірнеше өзен тасып, көшелерде көлік қатынасы қиындаған.

Осыған ұқсас жағдай Францияда да қалыптасып отыр.

Бұл мемлекеттің алты департаментінде қауіптің қызыл түсі жарияланды.

Әсіресе елдің үшінші ірі қаласы Лиондағы жағдай қиын. Онда көшелер өзенге айналып, талай көлік суға кетті, деп жазады qazaqstan.tv.

Әзірге Франциядан тасқын құрбандары туралы мәлімет түскен жоқ.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео