Ақмола облысында жаппай жол апаты болып, үш адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында Екатеринбург – Алматы тас жолында жаппай жол апаты болып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облыстық ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 24 қазанда Астрахань ауданы маңында болған.

"Mersedes Benz алдындағы көлікті басып озу үшін жолдың қарсы бағытына шығып, Toyota Camry маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Олар бар инерциясымен айналып, осы жолдағы тағы екі автокөлікті соққан. Жол апаты салдарынан үш жолаушы жарақат алды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды", делінген өңірлік ПД хабарламасында.

Instagram-дағы Naysakokshe парақшасында аталған жол апаты кезінде Астрахань ауданы әкімдігінің екі қызметкері зардап шеккені жазылған.

Toyota Camry көлігінде болған әкімдік қызметкерлері сол күні Астанадағы ауыл жәрмеңкесіне бара жатқаны айтылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады