Қарағандыда тұрғын үйдегі лифт құлап, бір адам қаза тапты

Сурет: рixabay
Қарағандыда салынып жатқан үйде лифт үзілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Патриот" ақпараты бойынша, оқыс оқиға қаланың оңтүстік-шығысында салынып жатқан тұрғын үй кешенінде болған. Бір жұмысшы қаза тапты. Тағы біреуі жарақат алып, ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жатқызылды.

"Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешені нысандарының бірінде болған оқиғаға байланысты байқаусызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды",-деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды. Жағдайлар анықталуда.

Бұған дейін Қазақстанда газ баллондарын шығару және кәдеге жарату жоспарлануда екендігі хабарланған болатын.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады