Шымкенттегі жантүршігерлік жол апаты таспаға түсіп қалды

Сурет: Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі
Шымкентте үш көлік соқтығысып, нәтижесінде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнеге сүйенсек, жеңіл автокөлікті тізгіндегін жүргізуші жоғары жылдамдықта өзге көліктерді айналып өтпек болды. Алайда, рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, өз бағытымен келе жатқан автокөлікке соқтығысты.

Анықтаушы Мадияр Мантеевтің айтуынша, үш автокөліктің қатысуымен болған ЖКО 9 қарашада күндізгі уақытта Қ.Төлеметов көшесінде орын алған. Нәтижесінде Daewoo Nexia жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.

"Жол-көлік оқиғасы бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Жол қозғалысы ережелерін бұзған және көліктердің соқтығысуына жол берген жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Таразда "екі әйелді зорлап өлтірген" 28 жастағы күдікті ұсталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада қар жауып, түнде −5°C-қа дейін суытады: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады

20 қазан: Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты

Қазақстанның бес облысында -3 градусқа дейін аяз болады

Қанат Құлшыманов президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды