Алматы тауларында жарақат алған мотоциклшіні құтқарушылар эвакуациялады

Алматы тауларында жарақат алған мотоциклшіні құтқарушылар эвакуациялады , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2026 10:08 Сурет: pexels
Алматы тауларында мотоциклмен серуендеу кезінде 18 жастағы жігіт жарақат алды. Бутаков шатқалында оның оң аяғы зақымданған. Құтқарушылар зардап шеккен жігітті қауіпсіз жерге жеткізіп, медицина қызметкерлеріне тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Барыс" республикалық құтқару қызметінің қызметкерлері жігітке алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге эвакуациялады. Кейін оны Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды.

"Зардап шеккен адамға бұдан әрі медициналық мамандар көмек көрсетеді", – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Щучинск қаласында қонақүйлердің бірінің аумағында орналасқан жеке монша өртенгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: