Шымкенттегі бір адамның өмірін жалмаған өрт: полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауда

Фото: Zakon.kz
Шымкентте 17 желтоқсан күні таңғы сағат 05:47 шамасында жеке үйлердің бірінде өрт шықты. Тілсіз жау 100 шаршы метр тұрғын үйді шарпыды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar дерегінше, қызыл жалыннан зардап шеккен үйдің үш тұрғыны, оның ішінде бір нәресте ауруханаға жатқызылды.

"2000 жылы туған, 2001 жылы туған, 2024 жылы туған азаматтар ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында 1972 жылы туған әйелдің денесі табылды", — делінген полиция хабарламасында.

Нақтыланғандай, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Бұған дейін БҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен қыздың 7 сағаттық іздеу жұмыстарынан кейін ен далада табылғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды