Шымкентте 201 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті негізсіз алған

Фото: Zakon.kz
Шымкентте 201 отбасы мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек қаржысын негізсіз алып келген. Олар осы санаттағы азаматтар қатарына ену үшін жалған құжаттар өткізген.

Осы жәйттер анықталғаннан соң 46 отбасы жыл бойына алған ақшасын өз еркімен қайтарып берді. Ал өзегелерінен ақшаны өндіру үшін сотқа жүгінуге тура келген.

Осылайша мемлекет қазынасына 14 миллион теңгеге жуық ақша қайтарылды. Мегаполисте бүгінгі таңда 8 мың 801 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алатындардың тізімінде, деп жазады qazaqstan.tv.

Олардың деректерінің нақтылығын тексеру мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы денсаулық сақтау және салық органдарымен бірлесе жұмыс істеуге көшті.

"Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың осы уақытқа дейін денсаулық сақтау басқармасы арқылы алып келген жұмысқа жарамсыздық бойынша, яғни алып келген анықтамасын QR арқылы нақты ма, дәйекті ме, жалған емес пе екенін тексеріп, тағайындау жұмысын жүргізіп жатыр." Жанат Өтебаева, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді