Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Фото: akorda.kz
Президенттің атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылғы 31 желтоқсанда Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады:

Мұнымен қоса, Иордания Королі II Абдалла, Норвегия Королі V Харальд, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси,Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонг, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало, Сенегал Президенті Бассиру Диомай Фай, Кот’д Ивуар Президенті Алассан Уаттара, Сьерра-Леоне Президенті Джулиус Маада Био, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин, НАТО Бас хатшысы Марк Рютте, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Асад Маджид Хан, ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуле, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Eni S.p.A. компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци және шет мемлекеттердің бұрынғы басшылары, халықаралық ірі ұйымдардың, компаниялардың, қаржы институттарының, дипломатиялық миссиялардың жетекшілері мен басқа да ресми тұлғалар құттықтады.

"Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр",- деп атап өтті Ақорда. 

Бұған дейін Тоқаевтың бірқатар қазақстандықтарға мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындағаны хабарланған болатын. 

Қазақстан
Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды