ТЖМ құтқарушылардың Жаңа жыл түні қалай жұмыс істегенін көрсетті

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Жаңа жыл түні еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жатқан құтқарушылар келіп түскен 158 шақырту бойынша оқиға орнына аттанып, түрлі көмек түрлерін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 158 шақыртудың  88-і - өрт, сондай-ақ 70-і іздестіру операциялары мен авариялық-құтқару жұмыстары болғанын нақтылайды.

2024 жылдың соңғы тәулігінде министрлік қызметкерлері 25 адамды, оның ішінде сегіз баланы эвакуациялады.

Құтқарушылар қазақстандықтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды елеусіз қалдырмауға, сондай-ақ алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар метеожағдайлар нашарлаған жағдайда алысқа жаяу қатынаудан бас тартуы қажет, деп атап өтті ведомстводан.

Бұған дейін Қостанай облысында Жаңа жыл түні қар құрсауында қалып кеткен көлік жүргізушісіне көмек көрсетілгені хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін