Полиция көлігі жол жиегіне түсіп кеткен жүргізушілерге көмектесті

Фото: Zakon.kz
Патрульдік полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қиын жағдайларға тап болған бірнеше көлікке көмектесті.

Мәселен полицейлер патрульдеу кезінде Алматы – Ташкент – Термез тас жолында жол жиегіне түсіп кеткен ВАЗ автокөлігін байқады.

Жүргізуші тұманның салдарынан жол жиегіне шығып, кептеліп қалғанын жеткізді. Полиция жедел түрде көлікті жолға шығаруға көмектесті.

Сондай-ақ Көксайек – Ақсу – Шаян – Мыңбұлақ тас жолында тұрып қалған тағы бір ВАЗ автокөлігінің жүргізушісіне де көмек көрсетілді.

Тәртіп сақшылары оның көлігін Сайрам ауданындағы автокөлік шеберханасына апаруға көмектесті.

Өз кезегінде автокөлік жүргізушілері полиция қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғыстарын білдірді. Полицейлер жүргізушілерге қолайсыз ауа райында жол ережелерін сақтау керектігін ескертеді.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қызметкер жұмысқа кешіксе жұмыс беруші айыппұл сала ала ма

Екі облыста қар жауып, жол тайғақ болады: 2 қарашаға арналған ауа-райы болжамы