Жамбыл облысында полициядан қашқан мас жүргізуші ұсталды

Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында мас жүргізушіні қуған полицейлердің бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Патрульдеу кезінде полиция батальонының қызметкерлері сағат 03:10 шамасында Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолының 162-шақырымында жүргізуші қауіпті маневр жасаған Kia K5 көлігін байқаған.

Полицейлер көлікті тоқтатуға тырысқан, бірақ жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабын елемей, жылдамдықты арттыра түскен.

Жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірмеу үшін полицейлер көлікті қууға мәжбүр болды.

Тараз қаласынан Алматыға бет алған 36 жастағы жүргізуші полициядан жасырынуға тырысып, патрульдік көлікпен соқтығысты.

Көп ұзамай құқық бұзушы ұсталып, Қордай аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талабын орындамағаны, апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан жол ережесін бұзғаны, міндетті сақтандыру жасамағаны, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Жол -көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі