Елордада жеделсаты ішінде шабуылға ұшыраған бес жасар балаға ота жасалды

Сурет: unsplash
Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде пышақпен жасалған шабуыл салдарынан беттің жұмсақ тіндеріне бірнеше рет кесік түрінде жарақат алған бес жасар бала № 2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz сайтына елордалық денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, бала толықтай тексеруден өтті, хирургтар қан кетуді тоқтату үшін тамырларға ота жасады.

"Баланың жалпы жағдайын дәрігерлер пышақ жарақаттарына байланысты ауыр деп бағалайды. Баланың отадан кейінгі жағдайы тұрақты. Зардап шеккен балаға барлық қажетті медициналық көмек, мамандардың кеңестері толық көлемде көрсетіледі, бүгінгі күні оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", – деді басқармағылар.

11 ақпанда медициналық бетперде таққан белгісіз адам астанадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі жеделсаты ішінде кішкентай балаға пышақ жарақатын салды. Полицейлер оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмағанды анықтады. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды