Ұлытау облысында кеніште тау-кен массасы опырылып, жеті шахтер үйінді астында қалып кетті

Сурет: freepik
2025 жылы 17 ақпанда Ұлытау облысындағы кеніштердің бірінде тау-кен массасы опырылып, үйінде астында жеті шахтер қалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында "Жомарт" шахтасында тау-кен массасы опырылып, үйінде астында жеті кенші қалып кеткен.  Қазіргі уақытта "Серіктес" АСС" ЖШС-нің құтқарушы бөлімі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

"Оқиға орнына шұғыл түрде Ұлытау облысы ТЖД және Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есеп, Апаттар медицинасы орталығының медициналық қызметкерлері және Қазақстан ТЖМ-ның психологтары аттанды", делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқиға орнында ТМН-ның және облыстық ТЖД-ның шұғыл штабы құрылды.

ТЖМ шұғыл байланыс желісін ұйымдастырды: +7 (7271) 55-96-21.

Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді