Астанадан Ақтауға ұшып шыққан ұшақта өрт болды

Сурет: pixabay
Бүгін, 2025 жылдың 23 ақпанында Астанадан Ақтауға ұшып шыққан ұшақтың жоғарғы жүк сөресінде жолаушы сөмкесі өртенді. Салдарынан FS 7375 рейсі әуежайға кері оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Өрт әуе компанияның бортсеріктері тарапынан жедел сөндірілді. Бортта 182 жолаушы болды. Әуе кемесі ұшу пунктіне оралып, қону штаттық режимде жүзеге асырылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі. Рейстің ұшу мерзімі Астана уақыты бойынша 17:10-ға ауыстырылды", делінген компания хабарламасында.

Барлық жолаушыларға билеттерін тегін қайта брондау немесе ақшасын қайтару мүмкіндігі қолжетімді екені де нақтыланады.

Бұған дейін Алматы әуежайы төбеден аққан судың видеосына қатысты түсініктеме берген еді

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді