Ақмола облысында полицейлер жоғалған бүлдіршінді жарты сағатта іздеп тапты

Фото: Zakon.kz
Оқиға 4 наурыз күні кешке Ақкөл қаласында болған. Бес жасар баланың жоғалуы туралы учаскелік инспектор Максад Джаппаровқа баланың анасы хабарлады.

Баланың жоғалғанын анықтаған әйел дабыл қағып, дереу учаскелік полиция қызметкеріне қоңырау шалып, оқиғаның мән-жайын қысқаша хабарлады.

Бала анасымен бірге жергілікті сауда үйлерінің бірінде болғаны белгілі болды. Анасы басқа нәрсеге алаңдаған кезде, бала сыртқа шығып, белгісіз бағытқа жүгіріп кеткен.

Әйел көрсеткен мекенжайға жедел-тергеу тобы, учаскелік инспектор Максад Джаппаров және полиция бөлімінің жеке құрамы дереу келді.

Іздеу іс-шараларын жүргізу үшін полиция қызметкерлері бірнеше мобильді топтарға бөлінді, сонымен бірге полиция қызметкерлері дүкен аймағында орнатылған бейнекамералардың жазбаларын қарады. Камералардың бірі баланың қай бағытта кеткенін тіркеді.

Баланың кеткен бағыты бойынша ізімен учаскелік Максад Джаппаров жүрді. Көшеде қараңғы түскендіктен, полиция қызметкері баланың қорқуы немесе қауіпті жағдайға тап болуы мүмкін деп алаңдады. Ақпарат келгеннен кейін жарты сағат өткен соң, бала табылды.

Полиция капитаны Максад Джаппаров баланы жеке үйлердің аумағынан тауып, бірден анасына тапсырды. Полицейлер баланың анасымен профилактикалық әңгіме өткізді, қазіргі уақытта бала ата-анасымен бірге.

Полиция қызметкерлері ата-аналардан балаларын бақылауды күшейтуді, оларды қараусыз қалдырмауды, ал үйден шыққан немесе хабар-ошарсыз кеткен жағдайда дереу ішкі істер органдарына хабарлауды сұрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді