Қарағанды маңында 40 жолаушысы бар автобус ақтүтек боранда қалып кетті

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бүгін, 2025 жылы 10 наурызда 112 пультіне Қарағанды облысы рейстік автобус жүргізушісінен Осакаровка ауданында қар үйіндісінде қалу себебінен қозғалысты жалғастыра алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, шақыру орнына дереу жоғары өтімді арнайы техника аттанып, ішінде бір бала бар 40 жолаушы вахтовкамен Осакаровка елдімекенінің теміржол вокзалына жеткізілді.

Құтқарушылар автокөлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін еске салады. 

Бұған дейін Астана – Павлодар және Астана – Щучинск бағыттарындағы тас жолдардың уақытша жабылуы және қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты жолаушылар үшін пойыздарда қосымша орындар қарастырылғаны хабарланған.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді