Астанада жиһаз шығаратын цех өртенді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Астанада 2025 жылы 13 наурызда сағат 18-00 шамасында Сарыарқа ауданы Ақбөкен көшесінде орналасқан жиһаз цехінің ғимараты өртеніп, оқиға орнында өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі дабыл белгісімен жұмысқа кірісті. Cағат 19-00 өртті оқшаулау мүмкін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, екі қабатты коттедждің шатыры, оған жапсарлас салынған гараж бен көлік жуу ғимаратының бір бөлігі отқа оранған. 

"Өрт сөндіру штабы және 3 учаскесі жұмыс істеуде. Сағат 19-00-де өрт оқшауланды. Өрт орнында 14 бірлік техника, 58 жеке құрам жұмыс істеуде. Автокөлік жууу ғимаратынан қауіпсіз жерге бір көлік пен екі газ баллоны шығарылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін құтқарушылардың төрт күн бұрын жоғалған үш адамды тапқанын жазғанбыз. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды