Израильдің шабуылдарынан Газада 2 аптада 322 бала қаза тапты

Сурет: pixabay
Газа секторында Израильдің шабуылдарынан соңғы екі аптада 322 бала қаза тапқан. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры – ЮНИСЕФ хабарлады.

Дерекке сай, осы уақыт ішінде 609 бала жараланған.

Жалпы, 18 айда шабуылдардан Газада 15 мыңнан аса бала мерт болды. 34 мыңнан астамы жараланып, миллионға жуығы үйін тастап кеткен, деп жазады qazaqstan.tv.

Израиль Газаға наурыздың 18-де қайта соққы беруге кірісті. Израильдің мәлімдеуінше, бұған "ХАМАС" қозғалысының ымыраны жалғастыруға келіспеуі және кепілдіктегі 59 адамды босатпауы себеп.

Алайда хамастықтар тағылған кінәні жоққа шығарып отыр. Бүгін түскен мәліметтерге қарағанда, Израиль Газа секторындағы операция аумағын ұлғайта бастаған.

Әскерилер Рафах және Хан-Юнис қалаларында тұратын палестиналықтарға көшу қажеттігін ескертті.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды