Тоқаев Голан жоталарында қызмет еткен қазақстандық бітімгерлерді марапаттады

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 14 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ әскери қызметшілерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойдығ деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери борышын үлгілі атқарғаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметшіні мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Әскери борышын үлгілі атқарғаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгершілік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі "Айбын" орденімен

Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын" орденімен

Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі "Айбын" орденімен

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

2025 жылы 10 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Қазақстан
Молния
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Заң мен тәртіп": Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

QazVac авторы мен медицина саласының сарапшылары Ақтөбеде болашақ дәрігерлермен ұлттық құндылықтарды талқылады