ТЖМ жаңа туған сәбидің өміріне араша сәттің видеосын жариялады

Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған сәбидің өмірін аман сақтап қалу үшін құтқарушылар да жұмылдырылды. Олар нәрестені ТЖМ тікұшағымен Риддерден Өскеменге шұғыл түрде жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шалт қимылды талап еткен оқиғаның видеосымен ҚР ТЖМ баспасөз қызметі бөлісті.

"ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" АҚ ұшқыштары Руслан Агламбеков пен Олег Алфеев сәбиді "Ми-8" тікұшағымен Риддер қаласынан Өскеменге жедел медициналық көмек көрсету үшін жеткізді. Санитарлық авиация дәрігерлерінің бригадасы бортта қолдау көрсетті", делінген министрлік хабарламасында.

Ұшқыштар мен дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында ұшу қиындықсыз өтіп, сәби медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді. 

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған