Алматыдағы аудандардың бірінде су беру уақытша шектелді

Фото: unsplash
Алматыдағы Медеу ауданында суық су беру уақытша өшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Судың уақытша болмауы жайлы "Алматы су" басқармасы мәлімдеді.

"Су құбыры желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізілуіне байланысты, 28 сәуір күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Медеу ауданының ВОАД – Халилулина көшесі – Бригадная көшесі – Кеңсай – Верненская көшесі шекарасындағы бөлігінде суық су беру уақытша тоқтатылады. Шектеу су құбырының жаңа желілерін пайдалануға енгізумен байланысты. Әлеуметтік нысандарға су автоцистерналармен жеткізіледі",- делінген ақпаратта.

Ведомство уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөміріне хабарласа аласыздар: 274-66-66.

Бұған дейін Алматыда дүкен өртеніп, қызыл жалын сол маңдағы қонақ үй мен банкті шарпи жаздағаны жайлы жазған болатынбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты