Интернет-алаяқтардың құрбанына айналған павлодарлық ақшасын қайтарып алды

Фото: Zakon.kz
Павлодар полициясының айтуынша, Шарбақты аудандық полиция бөліміне интернет-алаяқтардың арбауына түсіп, қаржылық шығынға ұшыраған жергілікті тұрғыннан көмек өтініш келіп түсті.

2025 жылдың 5 мамырындағы ақпаратқа сүйенсек, алаяқтар әйелді алдап, оны қомақты сомаға бөліп төлеу шартымен келісімге отырғызған.

Алайда полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында келтірілген шығын келесі күні-ақ өтелді. Істі қарауға тергеуші Гүлден Адамова мен жедел уәкіл Саят Рашитов кірісіп, оқиғаның мән-жайын жедел анықтап, қажетті іс-шараларды шұғыл түрде қолға алды.

Қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен жедел әрекетінің нәтижесінде жәбірленуші азаматша елеулі қаржылық шығыннан аман қалды.

"Осындай қиын сәтте қолдау көрсетіп, ақшамды қайтаруға көмектескендеріңіз үшін шексіз ризашылығымды білдіремін. Өзімді шынайы қорған мен қамқорлықтың ортасында жүргендей сезіндім. Кәсібилік пен адамгершілікке толы көзқарастарыңыз үшін алғысым шексіз", — деп бөлісті ауыл тұрғыны алғыс хатында.

Полиция департаменті азаматтарға алаяқтыққа қарсы қырағылық танытуды тағы бір мәрте ескертіп, мұндай жағдайларда сенім мен қорған тек сөзбен емес, нақты іспен дәлелденетінін атап өтті.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі