Шымкентте жеке тұрғын үй аумағында улы жылан табылды

Сурет: pixabay
Шымкентте бауырмен жорғалаушыға байланысты 112 пультіне кезекті қоңырау түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ ақпаратына сүйенсек, Еңбекші ауданы Н.Төреқұлов көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйдің қожайыны 112 пультіне үйінде бауырмен жорғалаушылардың жүргені туралы мәлімдеді.

Құтқарушылар шақырту орнына жедел келіп, арнайы құралдың көмегімен рептилияны ұстап алып, азаматтарға қауіп төндірмеу үшін оларды елді мекеннен алыс қауіпсіз жерде жіберді.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"ТЖМ жылан табылған кезде адамдарды орын-жайдан шығарып, жануарды құлыптап, құтқарушыларды шақыруды ұсынады. Оны өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін",- деп ескертті мамандар.

Бұған дейін де Шымкентте жеке тұрғын үй аумағында жыланның қаптап кеткендігін жазған болатынбыз.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Трамп: Ресей мен Украина энергетикалық нысандарға соққы бермеуге келісті