Ақша да, қажылық та жоқ: Астанада тәжірибелі алаяқтың қолына кісен салынды

Фото: Zakon.kz
33 жастағы әйел қажылыққа барамыз деп ниеттенген мұсылмандардың ақшасын қалтасына басқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының полициясына бір ер адам алаяқтық фактісі бойынша арызданған. Ол кіші қажылыққа баруды жоспарлап, Instagram арқылы қажылық ұйымдастыратын туристік компанияны тапқан. Екі жолдама үшін 1,5 миллион теңге төлеген ер адам уәде етілген әуе билеттері мен визаны күтумен болған. Дегенмен, компания директоры оның қоңырауларына жауап бермеген. Белгілі болғандай, күдікті бұл алаяқтықты Алматыда да ондаған рет жасаған. Ол қажылық сапарын ұйымдастыру үшін құжаттарды қолдан жасап, ақша алғаннан кейін ғайып болып отырған, деп мәлімдеді Astana TV телеарнасы Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Сарайшық ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні анықтады, ол бойынша Алматыда шамамен 60 эпизод тіркелген. Қылмыстық іс тіркелді", – деді құқық қорғау органдары.

Бұған дейін Түркістан облысында қараңғы түсіп, жағаға жете алмай қалған екі балықшының құтқарылғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан
Алматы
Алаяқтардан сақ болыңыз
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді