Қазақстандық әйел банктен 31 миллион теңге ұрлап, Мәскеуге қашып кеткен

Фото: pxhere
Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі тағы бір экстрадиция туралы хабарлады. Бұл жолы аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін ұрлаған күдікті Мәскеуден отанына қайтарылды. Басқа мәліметтерді Zakon.kz сайтына қадағалау органының баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу мәліметінше, әйел 2015-2017 жылдар аралығында Астанадағы банктердің бірінің филиалында жетекші менеджер қызметін атқарған. Осы уақыт аралығында ол 31 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырып, заңсыз иемденіп алған.

Осыдан кейін күдікті жоғалып кеткен. Содан кейін ол халықаралық іздеуге жарияланды.


"2024 жылдың маусым айында іздеуде жүрген азамат Мәскеуде ұсталып, Қазақстан Бас прокураурасының өтініші бойынша отанына экстрадицияланды." Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта мамандардың айтуынша, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бас прокуратура оның айыпталып отырған қылмысы үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын түсіндірді.

9 маусымда Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы жалған банкноттарды сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған қазақстандықты Грузиядан экстрадициялау туралы хабарланған болатын.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды