Тараздағы саябақта жиырмаға жуық аттракцион заңсыз жұмыс істеп тұр

Сурет: pixabay
Тараз қаласындағы Жеңіс саябағында 20 шақты аттракцион тиісті құжатсыз жұмыс істеп тұр. Олардың қатарында құны 80 миллион теңге тұратын шолу дөңгелегі де бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24kz" телеарнасының ақпаратынша, 2019 жылы "Жасыл ел Тараз" коммуналдық қызметі 2 гектар жерді жергілікті кәсіпкерге 3 жылға жалға береді. Кейін оның заңсыз екені анықталып, жер қайтадан мемлекет меншігіне қайтарылады. Қала басшылығы аталған жер учаскесін аттракциондар мен өзге де түрлі қондырғылардан босатуды сұрап, кәсіпкерге хабарлама жіберген. Алайда ескертуді елемеген бизнесмен жер телімін пайдалануды жалғастырып, тіпті биыл өз бетімен шолу дөңгелегін еш құжатсыз орнатқан.

Қазір шаһар басшылығы кәсіпкерді сотқа берді.

"Осы ағымдағы жылдың наурыз айында шолу дөңгелегін бастады. Біз сол бағытта әкімшілік тарапынан және де жергілікті полициямен бірге барып, 3 рет ауызша және жазбаша ескерту, жеке кәсіпкерге түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Құрылыс заңсыз екені, жер мемлекеттікі екені және құрылыс нормаларына сәйкес рұқсат алу керек екендігін. Ол бағыт бойынша да талап-арызымызда көрсетіп отырмыз".Нұрсұлтан Исабеков, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

Бұған дейін алматылық әйелдің бір бөлмелі пәтерде 139 қоян асырап отырғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Виза үшін 20 мың долларға дейін: АҚШ 50 ел азаматына тұрақты кепілдік енгізеді

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді