"Бүкіл үйді сасытқан": Алматылық әйел бір бөлмелі пәтерде 139 қоян асырап отыр

"Бүкіл үйді сасытқан": Алматылық әйел бір бөлмелі пәтерде 139 қоян асырап отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2025 10:29 Сурет: pixabay
Көршінің кесірінен сасық иіске уланып отыр. Алматыда жалғызбасты әйел бір бөлмелі пәтерде қоян асырап, маңайының мазасын қашырған. Қоян болғанда да біреу емес, бақандай -139-ын. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

КТК ақпаратынша, сасық иіске тұншыққан, ашуға булыққан жұрттың жалғызбасты көрші әйелге өкпесі қара қазандай. Үш жылдан бері аядай жерге қоян бағады. Сәйкесінше, тазалық атаулы мүлдем жоқ. Соның салдарынан ауланы сасық иіс басып қалған.

"Тазалық жоқ. Бәріміз ауырып жатырмыз. Мен өзім аллергия болдым. Жоғарғыда тұратындар астмамен ауырады. Балалар түгел ауру. Үш жылдан бері бәріміз ауырып қалдық. Үш жыл бойы сөйлестік. Бізден қашады. Есігін ашпайды". Сәуле Нұртазина, көршісі:

Мүңкіген иісті айтып көршілердің арызданып бармаған жері жоқ. Осы уақытта қоян басы артпаса, азаймаған. Сорақысы — қояндармен бірге оның өлексесі де үйдің ішінде жатыр. Шығарылмаған қоқыс өз алдына. Ақыры іске полицейлер араласып, қоян да әкетілді, жүйке жүйесінде ақауы бар иесі де ауруханаға жөнелтілді.

"Оқиға орнына барғанда аталған пәтерде үй жануарларының көп мөлшерде және тиісті талаптарға сай келмейтін жағдайда ұсталып жатқаны белгілі болды. Бұл жағдай санитария-эпидемиология қаупіне қатер төндірген. Әкімдік, медициналық қызмет өкілдері және еріктілердің қатысуымен кешенді жұмыс жүргізілді, пәтер иесі медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды". Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

Бұған дейін Ақтөбеде жоқ пәтерді жалға берген бойжеткен ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: