Қоқыс басқан Сайранның жағдайы Алматы әкімінің ашуын туғызды

Фото: Zakon.kz
Күрделі жаңғырту жұмыстары аяқталмай жатып, айналасын қоқыс басқан Сайранның жағдайы Алматы әкімінің ашуын туғызды. Дархан Сатыбалды жағажайды тазарту үшін мердігерге соңғы рет ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала басшысы аппарат кеңесінің отырысында Сайран көлінің санитария жағдайына ерекше назар аударды әрі құқық бұзушыларға бақылау жүргізіп, қатаң шара қолданбаған басқармаларды қатаң сынға алды.

Аудан әкімдеріне қаланың проблемалы учаскелерін қоқыстан тазартып, бітелген арықтарды ретке келтіру тапсырылған.

Жаңғыртылып жатқан Сайранда жұрттың суға түсу маусымы басталып кеткен. Көбі ішкен сусыны мен жеген тамағының қалдықтарын отырған жерінде тастап кетеді. Соның салдарынан жағажайды қоқыс басып, әлден көркі кете бастапты.

Айта кетейік, жасанды көл маусымнан бастап пайдалануға беріледі деп жоспарланғанымен, абаттандыру әлі жалғасып жатыр. Полицейлер кеше көл жағасында рейд ұйымдастырып, тұрғындарға ескерту жасады.


Бұған дейін Сайран көлінен жасөспірім мен ер адамның денесі табылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін