СҚО-дағы кәсіпорында жарылыс болды: зардап шеккендер бар

Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында ірі кәсіпорындардың бірінде өрт пен жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан тоғыз адам зардап шекті. Бұл ақпаратты СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2025 жылғы 25 маусымда Ильичевка ауылында орын алған.

"Сағат 16:17-де Тайынша ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне кәсіпорындардың бірінің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті... Алдын ала деректер бойынша, кәсіпорынның екі жинақтауышы тұтанып, жарылып, одан кейін Volvo маркалы газ тасымалдаушы көлік отқа оранған... Оқиға салдарынан тоғыз адам зардап шекті, олардың сегізі ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына дереу өрт сөндіру бөлімшелері, полиция қызметкерлері және төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері жетіп, жұмыс атқарғаны айтылды.

"Оқиға бойынша жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Тайынша ауданының төтенше жағдайлар бөліміне жолданды", – делінген СҚО ПД хабарламасында.

Оқиға орнынан түсірілген фотосуретті Qazaqstan Media басылымы жариялады.

Сурет: qaz-media.kz

Бұған дейін Алматы тауларында жеке тұрғын үй өртенгендігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев